⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Машиналар мен жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар  Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

14-бап. Машиналар мен жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар  Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Машиналар мен жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар  Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы 

       1. Машиналар мен жабдықтарды монтаждауды, пайдалануды және жөндеуді жүзеге асыру кезінде техникалық регламенттер, жүйеге арналған жобалау құжаттамасы және машиналар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарының орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.  

      Аттракциондарды пайдалануға беру және техникалық куәландыру ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. 

       2. Машиналардың немесе жабдықтардың конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде олардың техникалық құжаттамасында белгіленген қауіпсіздік жөніндегі талаптардың төмендетілуіне жол берілмейді.  

       3. Машиналарды немесе жабдықты жөндеуді жүзеге асыратын тұлға өндіруші техникалық құжаттамада белгілеген, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жобада айқындалған барлық шаралар кешенін орындауға міндетті.  

       4. Машиналарға немесе жабдықтарға монтаждау немесе жөндеу жүргізілгеннен кейін оператор (персонал), егер техникалық құжаттамада жұмыстың тиісті түрлеріне көзделсе, машиналар мен жабдықтардың қатеріне бағалау жүргізуге тиіс.  

       Техникалық құжаттамаға сәйкес келмейтін, жөнделген машиналар мен жабдықтар техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда пайдаланылуы мүмкін.  

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305 Заңы. 

       Осы Заң машиналар мен жабдықтарға, олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді және адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепілдік беру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы