⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы 

      1. Қор төленген міндетті және (немесе) төтенше жарналардың мөлшері бойынша Қордың ішкі құжаттарына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымымен салыстырып-тексеруді жүзеге асырады. 

      Міндетті және (немесе) төтенше жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Қор төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті. 

      2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын қолданады. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы. 

      Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы