⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы 

       1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.  

       2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері лауазымы бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының төрағалары болып табылады.  

       3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңірлердің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы айқындайды.  

       4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.  

       5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының кеңесі сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.  

      6. Аппарат (хатшылық) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс органы болып табылады. 

       7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары:  

       1) Ассамблеяның және оның Кеңесінің шешімдерін, Ассамблея Төрағасының өз шешімдері мен тапсырмаларын орындайды;  

      2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын кандидаттар жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Кеңеске жіберіледі; 

       3) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;  

      4) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды. 

      8. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының аппараты (хатшылығы): 

       1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;  

       2) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асырады және оны Ассамблея Аппаратына (Хатшылығына) тоқсан сайын береді;  

      3) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 

      4) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).       Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы