⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

14-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы  

       1. Кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгi болады.  

       2. Кооператив құрылғаннан кейiн пайдың берiлуi немесе пайға мұрагерлiк ету тәртiбiмен оған кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа мүшелермен бiрдей жауап бередi.  

       3. Кооператив құрылғаннан кейiн кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргеннен кейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша жауап бередi.  

       4. Кооперативтен пайын басқа мүшеге немесе үшiншi бiр тұлғаға беру тәртiбiмен шыққан оның мүшесi, кредит берушi (кредит берушiлер) оның үлесiнен айып өндiрiп алған жағдайда, сондай-ақ қайтыс болған мүшенiң кооператив мүшелiгiне қабылдаудан бас тартылған мұрагерi кооператив мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.  

       5. Кооператив мүшесiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi құрылтай құжаттарында белгiленедi, бiрақ ол кооператив мүшесiнiң пайы құнының мөлшерiнен төмен болмауға тиiс. Кооператив мүшелерi арасында жауапкершiлiктi бөлу олардың пайларының мөлшерiне сәйкес жүргiзiледi.  

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы