14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
1. Егер мұндай пайдалану басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзбайтын болса, патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi пайдалануға айрықша құқығы болады. Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
1) өндiру немесе молайту (көбейту);
2) көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткiзу;
3) сатуға ұсыну;
4) сату немесе өткiзудiң өзге де түрлерi;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
6) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
7) жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.
2. Патент иеленушiнiң құқығы азаматтық айналымға патент иеленушiнiң рұқсатынсыз енгiзiлген ұрықтар мен асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы мен тауарлы малға да қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi селекция жетiстiктерiнiң сорты мен тұқымының:
1) егер осы селекциялық жетiстiктердiң өздерi басқа селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн мұра ретiнде иеленбеген болса, селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi дәрежеде мұра ретiнде иеленетiн;
2) селекциялық жетiстiктен көрiнеу ерекшеленбейтiн;
3) Алынып тасталды – ҚР 2004.07.09. № 586 Заңымен;
4) оларды молайту селекциялық жетiстiктi сан мәрте пайдалануды қажет ететiн ұрықтары мен асыл тұқымды материалына қатысты қолданылады.
Селекциялық жетiстiк бастапқысынан айқын ерекшеленген кезде:
1) бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотипiн немесе генотиптерiнiң комбинациясын бiлдiретiн негiзгi белгiлердi сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiне өзi ие болып қалатын селекциялық жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiне ие болып қалса;
2) бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iрiктеу, индукцияланған немесе өздiгiнен клондалған мутантты iрiктеу, қайыра будандастыру және гендiк инженерия сияқты әдiстердi қолданудан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы селекциялық жетiстiк генотипiне немесе генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келсе селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы) селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi түрде ие болып қалған селекциялық жетiстiк деп танылады.
4. Алынып тасталды – ҚР 2004.07.09. № 586 Заңымен.
5. Патент иеленушi:
1) азаматтық айналымға өндірісте пайдалануға ұсынылатын сортты, тұқымды енгiзуге;
2) сортты, тұқымды қорғау мақсатында мемлекеттiк комиссия белгiлеген ресми сипаттамада көрсетiлген белгiлердiң сақталуы үшiн патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде сортты, тұқымды бiрқалыпты ұстап тұруға;
3) патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2004.07.09. № 586 Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы