14-бап. Қатысушы банктiң атауын өзгерту салдары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Қатысушы банктiң атауы өзгерген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып қатысушы банктiң куәлiгiн ауыстырады. Бұл ретте, мұндай банкке бұрын берiлген қатысушы банк куәлiгiнiң күшi жойылуға тиiс.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы