14-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары Қазақстан Республикасының Экология кодексі
Коммерциялық емес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде осы Кодекстің 13-бабында көзделген құқықтардан басқа, сондай-ақ:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен әзірлеуге, насихаттауға және іске асыруға, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде, өтеусіз немесе өтеулі негізде тартуға;
2) қоршаған ортаны қорғау және оның сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды орындауға;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде сотқа жүгінуге, сондай-ақ анықталмаған адамдар тобының мүддесіне орай мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) және шешімдерінің заңдылығына дау айтуға;
4) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың қорғалуын, молықтырылуы мен орнықты пайдаланылуын қамтамасыз етуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғауға қатысуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) осы Кодекске сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасауға және ұйымдастыруға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық білім беру және экологиялық ағарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулер жүргізуге құқығы бар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы