14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін және шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажын алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мен республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің шығыстары арасындағы айырмаға тең.
Теріс белгімен алынған шама – республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгімен алынғаны республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.
2. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері бекітілмейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты түсімдерге тәуелділігін төмендету үшін ұзақ мерзімді кезеңдегі мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшері экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы түрде дамыту есебінен азайтылуға тиіс.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы