⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқықтық жағдайы Сыртқы барлау туралы Заңы

14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқықтық жағдайы Сыртқы барлау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқықтық жағдайы Сыртқы барлау туралы Заңы 

      Сыртқы барлау органдары қызметкерлерінің заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

      Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауларына байланысты олардың мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы