14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар Төтенше жағдай туралы Заңы
1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.
2. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының негiзiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мынадай мiндеттердi орындау үшін:
1) төтенше жағдай енгiзiлген жерге кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн сақтауға;
2) ерекше режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiктiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердi, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауiп төндiретiн объектiлердi күзетуге;
3) арнайы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттерi орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;
4) заңсыз қарулы құралымдар қызметiнiң жолын кесу iсiне қатысуға;
5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және адамдар өмiрiн құтқару iсiне қатысуға;
6) ішкі істер органдарымен бірлесіп патрульдеуге және жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға қолданылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын, сондай-ақ халықаралық әуежайларды қорғау мақсатында ғана төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге тартылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесiп орындайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібіне және шектерiне қатысты бөлiгіндегі ережелерi қолданылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы