14-бап. Үшiншi тұлғалардың құқықтары Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Үшiншi тұлғалар:
1) қауіпті өндірістік факторлардың өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінің салдарынан болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды жүргiзуге және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
3) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау нәтижелерiмен және сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисаптарымен танысуға;
5) сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде алуға;
5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемдерiнiң сомасынан асатындай мөлшерде өтеу туралы сақтандырушыға талап қоюға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген үшiншi тұлғалардың құқықтары заңдарда көзделген жағдайларда өзге тұлғаларға (пайда алушыларға) ауысады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 Заңы.
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы