⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы  

      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелуi кепiл тоқтатылғанға дейiн қолданылады. 

      2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.   

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы