Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / messages.НПА / 145-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі   Кодекс О здоровье народа и системе здравоохранения  Республики Казахстан

145-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі   Кодекс О здоровье народа и системе здравоохранения  Республики Казахстан

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

145-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі   Кодекс О здоровье народа и системе здравоохранения  Республики Казахстан 

      1. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану пациенттердің хабардар етілген келісімімен қолданылады.

      Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға және кәмелетке толмағандарға хирургиялық араласу, қан мен оның компоненттерін құю, диагностиканың инвазиялық әдістері олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімімен жүргізіледі.

      2. Медицина қызметкерлері өмірлік көрсеткіштері бойынша хирургиялық араласуға кірісіп кеткен және пациенттің өмірі мен денсаулығына қатер төнуіне байланысты оны тоқтату мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, келісім кері қайтарып алынуы мүмкін.

      3. Хирургиялық араласуды, қан мен оның компоненттерін құюды, диагностиканың инвазиялық әдістерін орындауды кідірту пациенттің өміріне қатер төндіретін, ал пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алу мүмкін болмаған жағдайларда, емдеуші дәрігер немесе консилиум пациентті немесе оның заңды өкілдерін қолданылған шаралар туралы кейіннен хабардар ете отырып, шешім қабылдайды.

 

О здоровье народа и системе здравоохранения Экологический кодекс Социальный кодекс Комментарии статья Гражданский процессуальный кодекс Гражданский кодекс Уголовно-процессуальный кодекс Уголовный кодекс Нормативное постановление верховного суда Уголовное законодательство Нормативно правовые акты Республики Казахстан