⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы жүзеге асырады. 

      3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады. 

      4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады. 

      Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы