15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері Тауар биржалары туралы Заңы
1. Биржалық сауда-саттық мынадай сауда режимдерінде жүргізіледі:
1) стандартты аукцион режимі;
2) қосарланған қарсы аукцион режимі.
2. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;
2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;
3) стандартталмаған тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша аукцион өткізу;
4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;
5) аукцион қорытындылары бойынша стандартталмаған тауардың биржалық мәміле жасалатын бағасын қалыптастыру және оны төмендетуге арналған биржалық саудаға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең төмен баға және жоғарылатуға арналған биржалық саудаға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең жоғары баға ретінде айқындау;
6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
4. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі биржалық сауда қағидаларында айқындалады.
6. Тауар биржалары стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілердің жеке есебін жүргізеді.
7. Тауар биржалары биржалық сауда-саттықты қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізген кезде биржалық мәмілелерді сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы.
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы