15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен әскери техниканы қолдану шарттары мен шектері Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қаруды, әскери техника мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқылы.
2. Олар арнайы дайындықтан, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын мерзімді тексеруден өтуге міндетті.
3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері немесе әскери қызметшісі өзінде қажетті арнайы құралдары немесе қаруы болмаса, қолына түскен кез-келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
4. Егер қорғану күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкеріне немесе әскери қызметшісіне өзіне қастандық жасалудың сипатына және қауіптілігіне сай келетін болса, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісі заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдар, қару және әскери техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауапты болмайды.
5. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен әскери техниканы өкілеттілігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияларға қатысушы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің террористерге қатысты дене күшін, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.
Ескерту. 15-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы