⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау Iшкi су көлiгi туралы Заңы

15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

       Ескерту. 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

       1. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi iске асыратын жеке және заңды тұлғалар адам өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды, сондай-ақ кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.   

       2. Кеме қатынасының қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ішкі су көлiгi саласында авариясыз жұмыс жағдайларын жасауға, iшкi су жолдарын кеме қатынасы жағдайында, кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерiн және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстауға, сонымен қатар кемелердегi авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.  

       Мыналар:   

       1) iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң кемелерi, порттар, жағалаудағы объектiлер және құрылыстар;   

       2) iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, iшкi су жолдарында жағалау объектiлерi мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту);   

       3) iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, iшкi су жолдарында жағалау объектiлерi мен құрылыстарды пайдалану;   

       4) iшкi су көлiгi кемелерiн сақтау;   

       5) iшкi су көлiгi кемелерiн тасымалдау және тiркеп тарту;   

      6) 6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады. 

      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. № 209 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы