⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы 

       Ескерту. 15-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады. 

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 

      1-1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

 

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері: 

      1) ақпараттық жүйелерден; 

      2) фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктен; 

      3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін; 

      4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректер мен ақпаратты және (немесе) ұйымдардан, бақылау субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан келіп түсетін мәліметтерді талдау, салыстыру жолымен жүргізіледі. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі. 

      Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

       Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:  

       1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;  

      2) поштамен – тапсырысты хатпен; 

      3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

      Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. 

      4. Зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуы мен таралуының себептерін анықтау және белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы: 

      1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында бұрын тіркелмеген зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмнің таралуы туралы; 

       2) Қазақстан Республикасымен шекаралас елдермен шекара маңындағы аумақтардың және облыстардың фитосанитариялық ахуалының нашарлауы туралы (аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстану фактілері);  

      3) тиісті аумақта аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жедел фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу туралы; 

      4) мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтердің, жалған пестицидтердің таралуын болғызбау мақсатында оларды өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілері туралы; 

      5) тиісті аумақтан әкетілген өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтердің қалдық мөлшері болуының анықталған фактілері туралы ақпарат болған және (немесе) келіп түскен кезде қабылдайды. 

      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңы. 

       Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы