⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу Сақтандыру қызметі туралы Заңы

15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

       Ескерту. 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады. 

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда: 

      1) басқа сақтанушыларға қарағанда сақтандыру тарифін төмендетіп қолдану не сақтандыру төлемін жоғарылатып жүзеге асыру; 

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу; 

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны не бағалау туралы есепте көрсетілген құны (нарықтық құны болмаған жағдайда) бойынша сату; 

      4) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау. 

      Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

      2-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады: 

      1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;  

      2) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары; 

       3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға; 

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары; 

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға. 

      Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды. 

      Тәуелсіз директор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды. 

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін: 

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі; 

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы түсініледі. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары танылады. 

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынатын мәліметтер негізінде өзінің үлестес тұлғаларын есепке алуды жүргізеді. 

      3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы үлгілік шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бұрын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас мәмілелерге қолданылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалатын мәмілелерге қолданылмайды. 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады. 

      Осы баптың 2-1-тармағында аталған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен: 

      оның өзі; 

      оның кез келген жақын туысы немесе оның жұбайы (зайыбы); 

      ол немесе оның жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс. 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін. 

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтың талаптарын қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы түсініледі. 

      4-1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Ұлттық Банкке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша беруге міндетті. 

      5-1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      6. Осы баптың талаптары: 

      1) мынадай шарттардың бірі: 

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы; 

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді; 

      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады. 

      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы