Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар Теміржол көлігі туралы Заңы

15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Ұлттық тасымалдаушылар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

      2. Ұлттық тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетедi, сондай-ақ арнайы және әскери тасымалдауларды орындайды. 

      3. Ұлттық тасымалдаушылар Ұлттық инфрақұрылым операторымен жəне тасымалдау процесіне басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, əскери тасымалдарды бірінші кезектегі тəртіппен қамтамасыз етуге жəне орындауға міндетті. 

      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 № 596 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы