15-2-бап. Көлік-логистика орталықтары Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын операцияларға байланысты халықаралық және өңірлік көлік-логистика орталықтары құрылуы мүмкін.
Халықаралық көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, қарап-тексеруге арналған.
Өңірлік көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақ шегінде жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға арналған.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 4-бөлім 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы