15-2-бап. Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы
Ескерту. 15-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі.
2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады.
Ескерту. 4-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы