15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайларда осы объектілер мен құралдарды азат ету үшін;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін;
4) заңсыз қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттары бар адамдарды қарусыздандыру үшін;
5) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасыларының мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
6) құқық бұзушыларды, ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе құқық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне немесе қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;
7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;
8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;
9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінiң немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;
10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында;
11) әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілері аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін қолдануға құқығы бар.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
3. Ұлттық қауіпсіздік органдары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 15-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы