⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-4-бап. Қару қолдану және әскери техниканы пайдалану Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы

15-4-бап. Қару қолдану және әскери техниканы пайдалану Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-4-бап. Қару қолдану және әскери техниканы пайдалану Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы 

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің қару мен әскери техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда: 

      1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн; 

      2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін; 

      3) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қаруын, көлік құралын, арнайы және әскери техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін; 

      4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi азат ету үшiн; 

      5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде үстiнен түскен не тiкелей қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн; 

      6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын айғақтайтын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін; 

      7) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілетін және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін; 

      8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн; 

      9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн; 

      10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін; 

      11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында; 

      12) әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілері аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін қолдануға құқығы бар. 

      2. Азаматтардың, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің және күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топпен шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады. 

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi. 

      4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады. 

      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарулануға алынған қарудың, әскери техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 

      Ескерту. 15-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.   

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы