⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары  3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Әділет органдары туралы Заңы

15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары  3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Әділет органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары  3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Әділет органдары туралы Заңы 

      Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

       1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;  

      1-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру; 

      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау; 

      2-1) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру; 

      2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын қорытынды беру; 

      2-3) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру; 

      3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту; 

      4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру; 

      5) құқықтық ақпараттандыруды, "Е-заңнама" ақпараттық жүйесін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету; 

      6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру. 

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 N 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы