15-бап. Ассамблеяға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелік Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
Ескерту. 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының – этномәдени бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің және өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.
2. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар:
1) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімі;
2) Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі;
3) Кеңестің шешімі;
4) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде Кеңестің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімімен ротациялау қағидаты бойынша ұсынылады.
3. Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы.
4. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі.
5. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясына мүшелікке барлық кандидаттар кеңестің отырысында, ал кейіннен тиісті ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекітуіне ұсынылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясы төрағасының шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы