15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
3-1. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған еншілес банктерге қолданылмайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154, 1999.07.16 № 436, 2001.03.02 № 162, 2003.07.10 № 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.06.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы