15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы
Даму Банкiнiң:
1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне; нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
3) мерзімдік, төлем жасау, қайтарымдылық қағидаттарын сақтамастан қарыздар беруіне;
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы