15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың)тоқтатылуы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.
3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы