15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.
1-1. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы лицензия, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, иеліктен шығарылмайтын, лицензиаттың оны басқа жеке және заңды тұлғаларға беруіне болмайтын болып табылады.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензия иеліктен шығарылатын болып табылады.
3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы немесе жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесінің, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемесінің, жолаушылар пойызы вагон-мейрамханасының тіркеу нөмірі бойынша берiледi.
Лицензия құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмай этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.
Алкоголь өнімін өндіруге лицензия өндірушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада өткізуге құқық береді.
Алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткiзу жөнiндегі, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялануға жатпайды.
5. алып тасталды
6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 , 2006.12.11. N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы.
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы