15-бап. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден органдары құқыққа сыйымсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Тұлғаларға кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Тұлғаларға кеден органдарының лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды шешімдері, әрекеттері арқылы келтірілген залалдар өтелуге жатпайды.
4. Кеден органдарының лауазымды адамдары құқыққа сыйымсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы