⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Кемтар балалардың құқықтары  4-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКIЛДЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

15-бап. Кемтар балалардың құқықтары  4-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКIЛДЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 15-бап. Кемтар балалардың құқықтары   4-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКIЛДЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы 

 

       1. Кемтар балалардың:  

       1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;  

       2) денсаулық сақтау субъектілерінде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн зерттеп-қаралуға және тегін медициналық көмек алуға;  

       3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;  

       4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;  

       5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк білім беру ұйымдарында тегiн мектепалды және жалпы орта бiлiм алуға;  

       6) мемлекеттiк білім беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;  

      7) оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмысқа орналасуға; 

      8) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар. 

       2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.  

       3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.  

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 

       Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы