15-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлігін ұстап қалуға құқығы бар:
ССБ = СС*№ / №, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
СС - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
№ - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап өтініш берілген күнді қоса алғанда, оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейінгі мерзім (күнмен);
№ - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жасалған мерзімі (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талап сақталмаған кезде сақтандырушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
Р/с № | Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған мерзімнен пайызбен) | Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 4-ке дейін (4-ті қоспағанда) | 15 |
2 | 4-тен 8-ге дейін (8-ді қоспағанда) | 20 |
3 | 8-ден 17-ге дейін (17-ні қоспағанда) | 30 |
4 | 17-ден 25-ке дейін (25-ті қоспағанда) | 40 |
5 | 25-тен 33-ке дейін (33-ті қоспағанда) | 50 |
6 | 33-тен 42-ге дейін (42-ні қоспағанда) | 60 |
7 | 42-ден 50-ге дейін (50-ді қоспағанда) | 70 |
8 | 50-ден 58-ге дейін (58-ді қоспағанда) | 75 |
9 | 58-ден 67-ге дейін (67-ні қоспағанда) | 80 |
10 | 67-ден 75-ке дейін (75-ті қоспағанда) | 85 |
11 | 75-тен 83-ке дейін (83-ті қоспағанда) | 90 |
12 | 83-тен 92-ге дейін (92-ні қоспағанда) | 95 |
13 | 92 және одан жоғары | 100 |
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы