15-бап. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар 4 бөлiм. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігі, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Көлiк құралдарының сәйкестiгiн растау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн көлiк құралдары әкелiнбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы