15-бап. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуды мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырады.
Аталған лауазымды адамдар басқаратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерге билік ету жөнінде өкілеттік беріледі.
2. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу олардың салалық, ведомостволық немесе бағдарламалық-нысаналық тиістілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Басшыларына осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомостволық (салалық) тізбелерін әзірлейді. Аталған органдардың билік етуі жөнінде өкілеттік берілген мәліметтер осы тізбелерге енгізіледі және олардың құпиялылық дәрежесі белгіленеді. Қару-жарақтар мен әскери техниканың үлгілерін әзірлеу мен жаңғырту, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жөніндегі нысаналы бағдарламалар шеңберінде аталған үлгілер мен жұмыстарға тапсырыс берушілердің шешімі бойынша құпияландыруға жататын мәліметтердің жекелеген тізбелері әзірленуі мүмкін. Бұл тізбелерді тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары бекітеді. Мұндай тізбелерді құпияландырудың орындылығы олардың мазмұнымен айқындалады.
3. Мәліметтерді құпияландырудың принциптеріне сәйкес мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу қажеттілігінің негіздемесі осы мәліметтер алынған (әзірленген) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүктеледі.
4. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызудың негізділігіне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Сот мәліметтерді құпияландырудың негізсіздігі туралы шешім шығарған жағдайда бұл мәліметтер осы Заңда белгіленген тәртіппен құпиясыздандырылуға тиіс.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы