⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы 

      1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынады: 

       1) аккредиттеуге өтінім;  

       2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;  

      3) мәлімделетін аккредиттеу саласы; 

      3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық; 

      4) сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің мәлімделген бағыты жөніндегі паспорт; 

       5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін);  

      6) құрылымдық бөлімшелер туралы ереже және олардың құрылымы. 

       Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады.  

       Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.  

      2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді. 

      3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мәлімделген жабдықты басқа аккредиттелген зертхана пайдаланған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды келіп түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдаудан бас тартады және оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, өтiнiш берушiге пошта арқылы қайтарады не оларды өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді. 

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы. 

      Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы