⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері Ойын бизнесі туралы Заңы

15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері Ойын бизнесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері Ойын бизнесі туралы Заңы 

      1. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге: 

      1) жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың; 

      2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың; 

      3) мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген адамдардың қатысуына тыйым салынады. 

       2. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында көрінетін жерге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастырады және онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:  

      1) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың атауы; 

      2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы; 

      3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат; 

      4) құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту; 

      5) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі; 

      6) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері; 

      7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі; 

      8) өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің түрлері; 

      9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі; 

      10) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар; 

      11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері; 

      12) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары; 

      13) құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі; 

      14) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары; 

      15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері; 

      16) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже; 

      17) дауларды қарау тәртібі; 

      18) уәкілетті орган бекіткен, ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында көзделген өзге де мәліметтер. 

      2-1. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына сәйкес болуға тиіс. 

      3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы: 

      1) ойын мекемесіне, букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасына) еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шектеулер белгілеуге; 

      2) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасы) жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын бұзатын адамдарды құмар ойындарға жібермеуге құқылы. 

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы