⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

15-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады. 

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады. 

      Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілейді. 

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін. 

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы