⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі  5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы 

       Ескерту. 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды. 

      Кредиторлардың: 

      1) таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен құқыққа сыйымсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша; 

      2) уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру (қабылдау) күніне дейінгі кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша; 

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылғаннан кейін басталуы туралы мәлімделген және олар бойынша міндеттемелер таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің құрамында берілмеген сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар. 

      2. Кредиторда осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздерде Қорға талап ету құқығы туындаған кезде кредитор уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен екі ай өткенге дейінгі кезеңде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. 

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай өткенге дейін берілген (қабылданған) жағдайда, кредитор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінеді. 

      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда кредитор таратылатын сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігіне немесе мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына тиісті құжаттарды Қорға немесе таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы талаппен тікелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы. 

      Осы баптың 2-тармағына және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кредитордың талабын алғаннан кейін Қор не қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті. 

      4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

      5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды, бүлінген мүлікті бағалау жүргізуге арналған шығыстарды қоса алғанда, жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді. 

      6. Кепілдік төлемдердің ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес айқындалады. 

      7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбы және осы баптың 5-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, өзге де, оның ішінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған шығыстар кепілдік төлеммен жабылмайды. 

      8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады. 

      9. Таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде Қорға ауысады. 

      Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі – тарату комиссиясы) немесе сот уәкілетті органның қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы қатысушы-сақтандыру ұйымына қояды. 

       10. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап Қор басталған сақтандыру жағдайлары бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарды қазақ және орыс тілдерінде:  

      1) Қордың интернет-ресурсында екі жұмыс күні; 

      2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында он жұмыс күні ішінде жариялайды. 

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы. 

      Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы