⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)  Сақтандыру қызметі туралы Заңы

15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)  Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)  Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады. 

      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi. 

      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымдары да және аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру брокерлерi де жүзеге асыра алады. 

      5. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10 № 483, 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы