15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi Автомобиль көлiгi туралы Заңы
1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетілген, тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға;
5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар.
2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi, сондай-ақ қызметтiк куәлiктерi не сәйкестендіру карталары болуға тиiс.
Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы.
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы