15-бап. Үкімдік пробация Пробация туралы Заңы
1. Үкімдік пробация:
1) бас бостандығын шектеуге сотталған адамға;
2) шартты түрде сотталған адамға қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қатысты үкімдік пробация Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабының қағидалары бойынша пробациялық бақылау нысанында жүзеге асырылады, оның ұзақтығы сот үкімімен немесе қаулысымен айқындалады.
3. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
1) сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызметіне келуге;
2) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын өтеу шарттары мен тәртібін сақтауға;
3) тіркелу және өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін белгіленген күндері пробация қызметіне келіп тұруға;
4) тұрғылықты жерінің, жұмыс немесе оқу орнының өзгергені туралы пробация қызметін жазбаша хабардар етуге;
5) өзіне заң мен сот жүктеген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда пробация қызметі:
1) бас бостандығын шектеуге сотталған адамға қатысты жазбаша ескерту түрінде жазалау қолданады, ал жазасын өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сотқа бас бостандығын шектеудің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар ұсынады;
2) шартты түрде сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы не шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыну енгізеді.
5. Егер пробациялық бақылау белгіленген мерзімнің кемінде жартысы өткеннен кейін шартты түрде сотталған адам өзінің мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдесе, онда пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою туралы және сотталған адамнан сотталғандықты алу туралы ұсыну жолдайды.
6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы