15-бап. Жалпы ережелер 4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі Iшкi су көлiгi туралы Заңы
1. Кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындау кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.
Кеме, егер ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген iшкi су көлiгi саласындағы қауiпсiздiктi, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болған;
2) кеме экипажының саны ол жүзуге шығатын күнгi кеме экипажының ең аз құрамы туралы белгiленген талаптардан кем болмаған жағдайларда жүзуге жiберiледi.
2. Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi:
1) кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
2) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерiнiң, басқа да қызметкерлердiң дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
4) кеме экипажын жасақтауды қамтамасыз етуге және кеменi осы Заңда белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде ұстап тұруға мiндеттi.
3. Алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн:
1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында және шлюздерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырмаға сәйкес ішкi су жолдарын және кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтіп ұстауды жүзеге асыруға міндетті.
Судың деңгейі жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннің сағасының отыруына әкеп соғатын түбін тереңдету жұмыстарын одан әрі жүргізудің орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрісінің кепілдік берілген габариттерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттен босатылады;
2) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн шлюз және каналдар арқылы өткiзудi жүзеге асыруға мiндеттi, бұл ретте мұндай iс-шаралар тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
4-1. Уәкілетті орган кәсіпорындарының кемелерін қоспағанда, тиесілілігіне және қай ұлтқа жататындығына қарамастан, кемелердің навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталмаған (навигация ашылғанға дейін және жабылғаннан кейін) кеме қатынасы су жолдарымен жүзуіне тыйым салынады.
Кемелердің навигациялық кезеңнің аяқталуына байланысты навигациялық жағдай құралдары алып тасталған ішкі су жолдарының жекелеген учаскелері бойымен тұру орнына дейін бір жолғы жүзіп өтуіне аумақтық бөлімшемен және уәкілетті органның кәсіпорнымен келісу бойынша жол беріледі.
5. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
5-1. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) иелері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын сақтауға міндетті.
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) қауіпсіздік критерийлері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады.
5-2. Кеме қатынасы шлюздерінде шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және шлюздерде төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының болуы міндетті.
Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
6. Аумақтық бөлiмшелер кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзушi теңiз кемесiне немесе шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кемеге iшкi су жолдарына кiрген кезде iшкi су жолдарымен жүзетiн кемелермен бiрдей негiздерде тексеру жүргiзуге құқылы.
7. Кеме жасау өнiмдерiн шығару және кемелердi жөндеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда Кеме қатынасы тiркелiмi беретiн сәйкестiк құжаты болуға тиiс.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06. № 209, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы