15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жұмыстың сапасы Автомобиль жолдары туралы Заңы
1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгiленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етiлген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2. Жол қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындауға міндетті.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды – жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды – жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды – тапсырыс беруші өз бетінше не ұйымдар мен тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209; 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы