⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

15-бап. Жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мүдделі жұртшылық экологиялық бағалау жүргізу және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдауы процесіне осы Кодексте белгіленген шарттарда және тәртіппен қатысуға құқылы.

      2. Осы Кодексте мүдделі жұртшылық деп өз мүдделерін қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер қозғайтын немесе қозғауы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүдделі жұртшылық түсініледі.

      Жарғылық мақсаттарының ішінде қоршаған ортаны тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін қорғауға жәрдемдесу бар коммерциялық емес ұйымдар мүдделігі бар ұйымдар болып есептеледі.

      3. Осы Кодексте айқындалған рәсімдер шеңберінде мүдделі жұртшылық өкілдері өздері белгіленіп отырған қызметке немесе қабылданатын шешімге қатысы бар деп санайтын кез келген ескертуді, ақпаратты, талдауды немесе пікірді жазбаша немесе электрондық нысанда және ауызша, оның ішінде қоғамдық тыңдауларды өткізу осы Кодексте көзделген кезде оларды өткізу барысында ұсынуға құқылы.

      4. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам қабылдайтын, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша тиісті шешімдерде жұртшылықтың қатысу нәтижелері көрсетілуге тиіс.

      5. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдаған мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар бұл туралы мүдделі жұртшылыққа осы Кодексте айқындалған тәртіппен шешімнің мәтінін осы шешімнің негізі болып табылған себептер мен аргументтерді көрсете отырып бірге ұсыну арқылы оған дереу хабарлауға міндетті.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы