⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 152-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

152-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

152-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған мониторингтің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторларының әсерінен қорғау, сондай-ақ климат өзгеруінің әсер етуі мен климат өзгеруінің болжамды әсер етуі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын барлық жүйесін, кіші жүйесін және түрін біріктіретін, мемлекет қамтамасыз ететін көп мақсатты жүйені білдіреді.

      2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай элементтерді қамтиды:

      1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар;

      2) осы Кодекске сәйкес Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторингтің жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері;

      3) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі.

      3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін, оларда болып жатқан процестерді, құбылыстар мен өзгерістерді ұдайы байқау, мұндай өзгерістерді бағалау, болжау және бақылау;

      2) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің деректерін жинау, жинақтау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жинақтап-қорыту, өңдеу және талдау;

      3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде функцияларды жүзеге асыруы мақсатында олардың арасында өзара іс-қимылды, үйлестіруді және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның, оның ішінде табиғи ортаның (оның құрамдастарының, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, биоәртүрліліктің) және антропогендік ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ табиғи және антропогендік ортаның адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және тұтас қоршаған ортаға ықпал ететін зиянды факторлары туралы анық және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

      4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі деректердің салыстырмалығын және ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді, оларда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деректерін жинауға, жинақтауға, сақтауға, есепке алуға, жүйелеуге, жинақтап-қорытуға, өңдеуге және талдауға қойылатын бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және өзге де талаптар;

      2) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру тәртібі;

      3) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның құрылымы мен ақпарат көздері, сондай-ақ оған Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың және өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізу қағидалары, деңгейлері, тәртібі мен шарттары.

      6. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы жұмыс процестерін үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында, оның ішінде "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі шеңберінде ақпарат алмасу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      8. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторингтің жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері шеңберінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректері пайдаланыла отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтерд...

Толық оқу »

153-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

153-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының Экология кодексі Қоршаған орта мен табиғи ресу...

Толық оқу »

154-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

154-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қоршаған орта мен табиғи рес...

Толық оқу »

157-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

157-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қоршаған орта мен табиғи р...

Толық оқу »

158-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

158-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қоршаған орта мен табиғи р...

Толық оқу »

166-бап. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг пен қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы мемлекеттік монополия Қазақстан Республикасының Экология кодексі

166-бап. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг пен қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы мемлекеттік монополия Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1....

Толық оқу »

186-бап. Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

186-бап. Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Өндірістік мониторинг өндірістік экологиялық бақылауды...

Толық оқу »

355-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау және мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

355-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау және мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Полигон операторы жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласынд...

Толық оқу »

356-бап. Полигонды (полигонның бір бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторингтеу рәсімдері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

356-бап. Полигонды (полигонның бір бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторингтеу рәсімдері Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қалдықтарды көму жөніндегі поли...

Толық оқу »

363-бап. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу және жабылғаннан кейінгі кезеңдегі мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

363-бап. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу және жабылғаннан кейінгі кезеңдегі мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қа...

Толық оқу »

114-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

114-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Халық денсаулығы мен мекендеу орт...

Толық оқу »