158-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қаржыландырылады.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай қызмет түрлерін:
1) республикалық деңгейде мониторинг жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды;
2) мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің жұмыс істеуі мен дамуын, ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық өнім жасауды;
3) аумақтық деңгейде мониторинг жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды, оны дамыту мақсатында ғылыми-техникалық өнім жасауды;
4) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы