⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы 

      Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, туындыны автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда, уәкілетті орган мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін белгiлейді. 

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасу кезінде авторлық сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін уәкілетті орган белгілеген сыйақының ең төмен мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес. 

      Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09. № 586; жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы