16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы
1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне және (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Өзге де органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы.
Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы