⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы

16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы 

      1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді. 

      2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады. 

      3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады. 

      4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды. 

      5. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 

      Ескерту. Заң 16-3-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы. 

       Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы